Зейнетақы жинағын пайдалану: тағы бір банк жауапты оператор болады

Енді бұл функция Halyk Bank клиенттеріне де қолжетімді болады – банк зейнетақы қаржысын мақсатты пайдалану жөніндегі екінші уәкілетті оператор болды, деп хабарлады Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) Қоғамдық кеңесі.
Halyk Bank-тің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне бұл фактіні растады."Енді Halyk Homebank қосымшасында клиенттер бір реттік зейнетақы төлемін аудару үшін қажетті арнайы шотты онлайн режимінде аша алады. Төлемдер алудың бастапқы міндетті шарты – арнайы шот ашу", - делінген хабарламада.
Айта кету керек, бұған дейін Қор зейнетақы жинағының көлемін бірнеше тәсілмен тексеруге болатынын хабарлаған болатын.
Қазақстанда тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделу ақысын төлеу, сондай-ақ жеке меншік басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін жеткіліктілік шегінен асатын зейнетақы жинағын пайдалануға мүмкіндік беретін заң қабылданды.