Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетақы жинағын пайдалану үшін банкке бару керек пе?

Зейнетақы жинағын пайдалану үшін банкке бару керек пе?

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалануға қатысты барлық операция онлайн-форматта жасалады. Ол үшін банкке барудың қажеті жоқ. Бұл туралы Отбасы банк хабарлады.
«Осы заңға қатысты барлық актіге қол қойылғаннан кейін онлайн-платформа іске қосылады. Сол жерде зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану туралы өтінішті қашықтан беруге мүмкіндік болады. Барлық операция онлайн-форматта жасалатынын еске саламыз. Ол үшін банкке келудің қажеті жоқ», – дейді банк қызметкерлері.
Айта кетейік, бұған дейін «Отбасы банк» басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимова БЖЗҚ-дан зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалануға қытысты өтініш қабылдайтын онлайн-порталдың 8 қаңтарда іске қосылатыны туралы айтқан. Оның сөзіне қарағанда, уақыт жағынан шектеу жоқ. Сондықтан банкке барып, өтініш берудің қажеті жоқ.
Ал Бірыңай жинақтаушы зейнетақы қоры таратқан мәліметке сәйкес, бес жұмыс күні ішінде ақша уәкілетті операторға аударылады. 
«Зейнетақы жинағы арнайы шотта 45 жұмыс күнінен аспайтын уақыт ішінде жатады. Осы мерзім ішінде жинақ нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуға немесе салымшының БЖЗҚ-дағы зейнетақы шотына қайтарылуға тиіс», – делінген ресми хабарламада.
Биылдан бастап 761 мыңнан астам жұмыс істейтін салымшы жалпы көлемі 2,4 триллион теңгеден астам қаражатты мерзімінен бұрын пайдалану құқығына ие болады. Жинақтың жеткіліктілік деңгейінен асатын орташа сома шамамен 3,2 миллион теңгені құрайды.

sputnik.kz
08 қаңтар 2021 ж. 633 0