Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетақы қаражатын пайдалану: Өтінім қабылдау 8 қаңтардан басталуы мүмкін

Зейнетақы қаражатын пайдалану: Өтінім қабылдау 8 қаңтардан басталуы мүмкін

Зейнетақы қорынан ақшаны уақытынан бұрын алу үшін өтінім 8 қаңтарда қабылдана бастауы мүмкін. Бұл туралы «Отбасы банкі» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова Facebook-де өткен тікелей эфир барысында айтты.
«Бізде жақсы жаңалық бар. Күні кеше біз Қаржылық реттеу агенттігінен бірыңғай зейнетақы төлемін пайдалану бойынша арнайы ағымдағы шоттарды ашу және жүргізу үшін лицензия алдық. Біз мұндай лицензияны алған алғашқы банк болып отырмыз. Егер зейнетақы жинағын пайдалану ережелері бүгін бекітілсе, онда 8 қаңтарда барлық нормавтивті-құқықтық актілер қабылданып, 8 қаңтарда жұмысты бастап кетеміз», – дейді Ләззат Ибрагимова
kyzylorda-news.kz​​​
07 қаңтар 2021 ж. 616 0