Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аударымдар 255 мың теңгеден асса тексеріле ме?

Аударымдар 255 мың теңгеден асса тексеріле ме?

Елімізде мобильді аударымға қатысты салық салу шарты қайта қаралады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, салық комитеті үш айдың ішінде 100 және одан да көп адамнан жалпы сомасы 3 ең төменгі жалақыдан, яғни, 255 мың теңгеден асатын ақшаны мобильді аударым арқылы алған болса тексеруге негіз бар деп есептейді.

«Бір жылдық табысы 12 ең төменгі жалақыдан асатын, шамамен 1 миллион теңгені құрайтын адамдар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті. 2023 жылы бөлшек саудада қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 86 пайызға жетті. Халық QR-ды жиі пайдаланып жүр. Былтыр сәуір-қазан айларында QR төлемдердің көлемі 6,3 трлн теңгені құрады. Бұл барлық операцияның 17 пайызын құрайды», деді министр.

Фото: kaz.tengrinews.kz
22 ақпан 2024 ж. 5 446 0