Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді ел азаматтары мерзімі өткен айыппұл үшін артық ақша төлемейді

Енді ел азаматтары мерзімі өткен айыппұл үшін артық ақша төлемейді

Бұдан былай айыппұл төлеуді кешіктірген ел азаматтарының мүлкіне шектеу қойылмайды, деп жазады Egemen.kz.

Бүгін Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков Орталық коммуникалар алаңында өткен брифингте 50 күнде айыппұл төлеу мерзімі біткен азаматтарға тағы да хабарлама жіберілетінін айтты. Дәлірек айтқанда, бұрынғыдай іске жеке сот орындаушылары араласпайды әрі олардың қызметіне төленетін 25 пайыз қаржы тұрғындардың қалтасында қалады.

Осы бағыттағы жеке сот орындаушының қызметін роботтар атқарады.

«Мәселен, «Сергек» камерасы арқылы айыппұл арқалап, оны төлеуге үлгермей қалсаңыз сіз қолданатын банк қосымшаларына SMS және push-хабарлама жібереміз. Робот жұмысы арқылы жыл сайын азаматтардың 2,2 миллиард теңгесін үнемдеу жоспарланып отыр. Осылайша, жеке сот орындаушыға артық ақша төленбейді», деді Бекболат Молдабеков.

Сурет: ашық дереккөз 
20 маусым 2024 ж. 1 162 0