Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Тұрғындармен жеке қабылдау өткізеді

Тұрғындармен жеке қабылдау өткізеді

ҚР Әділет Вице-министрі Бекболат Молдабеков онлайн режимінде Қызылорда облысы Арал ауданының тұрғындарымен кездесу өткізеді!
Ағымдағы жылдың 22 тамызында сағат 10:00-де Арал ауданының әкімдігі ғимаратында Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков Қызылорда облысы Арал ауданының тұрғындарымен және қоғамдық кеңес өкілдерінің қатысуымен (Zoom конференциясы арқылы) кездесу өткізеді. (Мекенжайы: Арал қаласы, Астана көшесі, 33 үй)
Іс-шараға белсенділер, Қоғамдық кеңес мүшелері, сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысады.
Азаматтардың сауалдары, сұрау салулары және ұсыныстары g.dzhurabekova@adilet.gov.kz электрондық поштасы мекен-жайы бойынша және 8 /7242/ 23-10-09, 8- 775-234-90-01 телефондары арқылы қабылданады.

Азаматтарды қабылдау
Құрметті  аудан тұрғындары!
Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков азаматтардың жеке мәселелері бойынша онлайн қабылдау өткізеді.
Іс-шара ағымдағы жылдың 22 тамызында сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін Арал қаласы Астана көшесі, 33 үй мекен-жайындағы Арал ауданы әкімдігінің  ғимаратында өтеді.
Жеке қабылдауға жазылу ағымдағы жылдың 21 тамызы сағат 12.00-ге дейін Қызылорда облысы Әділет департаментінің телефон нөмірлері бойынша жүзеге асырылады:
Тел: 8 /7242/ 23-10-09, 8- 775-234-90-01

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 
18 тамыз 2023 ж. 4 972 0