Нұрлыбек Нәлібаев Арал ауданының тұрғындарымен кездеседі
Құрметті аудан тұрғындары!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев құқық қорғау органдары басшыларымен бірге Арал ауданында 27 қазан күні, сағат 9.15-11.45 аралығында аудандық Оқушылар үйінде тұрғындармен жеке қабылдау өткізеді.
Сондай-ақ, М.Мақатаев көшесіндегі балықшылар аллеясында сағат 13.15-те халықпен кездесу өткізеді.
Жеке қабылдауға алдын-ала жазылу «E-gov», «E-otinish» бірыңғай порталы, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы «e-Нәтиже» және аудан әкімдігіне тікелей барып, жазбаша нысанда өтініш беру арқылы жүргізіледі.
Кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почта нақты көрсетілуі қажет.
Қабылдау бойынша сұрақтарды 8(7242)40-11-91 (ішкі 7046), (ішкі 7051), (ішкі 7049) телефондары арқылы білуге болады.