Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары! 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында биылғы жылғы 22 маусым күні аралығында Қызылорда облысының әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлының Арал ауданында халықпен кездесуі өтеді.

Халықпен кездесуден кейін өтетін облыс әкімінің жеке қабылдауына алдын-ала жазылу «E-gov», «E-otinish» бірыңғай порталы, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы «e-Нәтиже» және облыс, қала әкімдігіне және аудан әкімдігіне тікелей барып, жазбаша нысанда өтініш беру арқылы жүргізіледі.
Кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.
Жеке қабылдау бойынша сұрақтарды 8(7242)40-11-91 (ішкі 7046), (ішкі 7051), (ішкі 7049) телефондары арқылы білуге болады.

10 маусым 2022 ж. 4 461 0