2025 жылғы АЕК: енді зейнетақы, ең төменгі жалақы мөлшері қалай өзгереді?
Қазақстанда 2025 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш (АЕК) бекітілді. Оның мөлшері - 3 932 теңге, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) деген не?
Бұл көрсеткіш мына себептермен қолданылады:
Жәрдемақы, зейнетақы және әлеуметтік төлем мөлшерін есептеу.
Салық және басқа да міндетті төлемді есептеу.
Айыппұл мен басқа санкциялардың мөлшерін анықтау.
Жыл сайын АЕК мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.
2025 жылғы АЕК мөлшері қанша?
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш 3 932 теңге болады. 2024 жылмен салыстырғанда АЕК мөлшері 6,1 пайызға, 240 теңгеге өсті.
Ең төменгі жалақы және зейнетақы
Айлық есептік көрсеткіш жыл сайын республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі. Заңға Қазақстан Президенті 2024 жылғы 4 желтоқсанда қол қойды.
АЕК-тен бөлек, құжатта ең төменгі жалақы мөлшері, зейнетақының ең төменгі мөлшері, базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі бекітілді:
Ең төменгі жалақы (ЕТЖ) - 85 000 теңге.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 32 360 теңге.
Зейнетақының ең төменгі мөлшері - 62 771 теңге.
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) - 3 932 теңге.
Базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шегі - 46 228 теңге.
Еске салайық, бұған дейін 2025 жылы Қазақстанда қандай төлемдер мен жәрдемақылар өсетіні белгілі болды.
Үкімет те инфляцияға байланысты келер жылы Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері артатынын мәлімдеді.
Сурет: baq.kz