1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері қаншалықты өзгереді

Сонымен Республикалық бюджет туралы заңға сәйкес 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтарды төмендегідей өзгерістер күтіп тұр. Атап айтқанда:
ең төменгі жалақы — (2023 - 70.000 тг) 85.000 теңге;
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері — (2023 - 21.907 тг) 28 мың теңге;
зейнетақының ең төменгі мөлшері – (2023 - 53.076 тг) 57 мың теңге;
айлық есептік көрсеткіш — (2023 - 3.450 тг) 3692 теңге;
базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы — (2023 - 40.567 тг) 43 мың теңгені құрайды.
фото: baq.kz