Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан азаматтарының орташа жалақы мөлшері белгілі болды

Қазақстан азаматтарының орташа жалақы мөлшері белгілі болды

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ел азаматтарының 2024 жылдың соңындағы орташа жалақысы - 434 982 теңгені құраған, деп жазады Egemen.kz.

Бұл көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8% көп. Орташа айлықтың ең жоғары өсімі ақпарат және байланыс (32,8%), ауыл, орман және балық шаруашылығы (22,7%), жылжымайтын мүлікке қатысты операциялар (20,3%) салаларында байқалған. Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету ісіндегі өсім – 7,6%-ға, білім беруде орташа айлық жалақы– 5%-ға өскен.

Өңірлерге келсек, аталған кезеңде Алматы және Шымкент қалаларында орташа атаулы айлық жалақы өсімі -13,6%-ды, Қарағанды облысында – 13,2%, Солтүстік Қазақстан облысында – 12,9%- және Ақтөбе облысында – 12,6%-ды құрап отыр.

Сурет: Нұрболат Нұржаубай 
10 ақпан 2025 ж. 55 0