Қазақстанда тұрғын үй бағасы күрт өсті
Қарашада Қазақстанның 12 қаласында қайталама нарықтағы жылжымайтын мүлік бағасы бір айда шамамен 2 пайызға өсті. Баспана әсіресе Астанада айтарлықтай (5,8 пайызға) қымбаттаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.Қазақстанда тұрғын үй қымбаттап жатыр. "Крыша" порталының мәліметінше, өткен айда Алматы қайталама нарықтағы баға өсімі бойынша көшбасшылар қатарында болса, Астана қарашада бірінші орынға шықты – мұнда тұрғын үй бағасы бір айда 5,8 пайызға өсті.
Жалпы тұрғын үйдегі шаршы метрдің бағасы еліміздің 12 қаласында өсіп отыр. Елордадан бөлек Алматы (2,4 пайыз) мен Ақтөбеде (2,3 пайыз) баспана айтарлықтай қымбаттаған. Сонымен қатар Алматыда қарашада баға бойынша жаңа рекорд орнатылды – шаршы метріне (ш.м) 803 380 теңге.
Айта кетейік, қарашада еліміздің үш қаласында баға төмендеген:
- Ақтауда – 3,2 пайызға (шаршы метрі 395 433 теңге);
- Петропавлда – 0,4 пайызға (шаршы метрі 398 853 теңге)
- Оралда – 0,2 пайызға (шаршы метрі 345 673 теңге).
Қазіргі уақытта баспана ең қымбат қалалар:
- Алматы (шаршы метрі 786 003 теңге)
- Астана (шаршы метрі 571 678 теңге)
- Шымкент (шаршы метрі 470 990 теңге).
Ал ең арзан жылжымайтын мүлікті Қызылорда (262 298 теңге), Тараз (314 678 теңге) бен Ақтөбе (317 550 теңге) қалаларынан таба аласыз.









