Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық мұнайшылар орташа 1,2 миллион теңге жалақы алады

Қазақстандық мұнайшылар орташа 1,2 миллион теңге жалақы алады

Фото: Stan.kz

Қазақстандағы мұнай-газ саласы қызметкерлері айына орташа 1,2 миллион теңге жалақы алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстанның мұнай-газ саласында шамамен 65 мың адам еңбек етеді.
“Көмірсутектерді барлау және өндіру саласы елдегі ең жоғары жалақы төленетін салалардың бірі саналады. Саладағы орташа айлық жалақы – 1,2 миллион теңге”, – дейді Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев.
2025 жылдың қорытындысы бойынша мұнай-газ саласына кадр даярлауға 18,7 миллиард теңге, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға 10,1 миллиард теңге бөлінген. Сондай-ақ өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына 45,5 миллиард теңге бағытталған.

syrboyi.kz
12 шілде 2026 ж. 34 0