Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жігіттер неке жүзігін неге таққысы келмейді?

Жігіттер неке жүзігін неге таққысы келмейді?

  massaget.kz Бұл сұрақтың ең қарапайым жауабы: ер адам табиғатынан әшекей бұйымдарға жақын болмауы. Қыз баласы кішкене кезінен түрлі әшекейге жақын боп өседі де, ер адамдар мұны өзіне жат санайды. Басқа қандай себептері болуы мүмкін? Жүзікпен жұмыс істеу ыңғайсыз
Егер ер адам көп жұмысын қолымен істейтін болса, бұл шындыққа жанасады. Мысалы өрт сөндіру қызметі, музыкалық аспапта ойнау, спортпен шұғылдану, көлік жөндеу, компьютермен жұмыс кезінде шынында да жүзік кедергі келтіріп не көңілін алаңдатуы мүмкін. Әсіресе қыс мезгілінде тері құрғап, қолда ыңғайсыздық сезімін туғызады. Сонымен қатар жігіттер толықсып не арықтап кетсе де жүзігін шешіп тастайды.
Жоғалып қалудың алдын алу
Ер адамдар жұмыс істегенде не ұйықтағанда сақинасын шешіп қойса, оны қойған жерінен таба алмай қалуы заңдылық. Олар кішкентай ғана сақина түгілі, көз алдындағы үлкен нәрсені де көрмей, таба алмай, үнемі әйелінен сұрап жүреді.
Басқалардың назары
Кейде ер адамдар өзінің үйленгенін барлығы білуін қаламағандықтан да жүзік тағудан бас тартуы мүмкін. Міне, осындай жағдайда ғана әйелдер уайымдауына болады. Бұл тақырыпта ашық сөйлесіп, бас тарту себебін анық-қанығын біліңіз. Мүмкін, жұмысында тыйым салған шығар. Мысалы кассир не даяшы қызметін атқаратындарға көбінесе әйел затымен жұмыс істеуді талап етіп, олар бойдақ жігіттерге жақсы көзқараста болады деп есептеуі мүмкін, сондықтан басшылық қызметтегілер жұмысқа неке жүзігінсіз келуді талап етеді. Өмірлік ұстанымы
"Жүзікпен емес, біз жүректерімізбен біргеміз" дегендей, әйел заты секілді ер адамдар неке жүзігін аса маңызды нәрсе санамайды. Бұл сізге деген сезімінің бағасы емес. Жай ғана айтқанынан қайтпау, өзінің өмірлік ұстанымына қарсы келмеу мақсатында ғана неке жүзігін тақпауы ықтимал. 
30 қазан 2019 ж. 1 057 0