Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Психологиялық тест: Бақайларыңыздың орналасуы сіз туралы не айтады?

Психологиялық тест: Бақайларыңыздың орналасуы сіз туралы не айтады?



Аяқ бармақтарына қарап адам мінезін болжау 

№1 үлгі 
Сіздің шығармашыл адам екеніңізді аңғартады. Мұндай бармақ иелері өте зерек, ақылды әрі қандай жағдайда да мәселенің креативті шешімін таба біледі. Алайда кей кездері өзіне деген сенімсіздік салдарынан бастаған ісін аяқсыз қалдырып жатады. 

№2 үлгі 
Мұндай адамдар батыл әрі өнертапқыш келеді. Қашан да өзі сенген дүниені ақтап, қорғап шыға алады. 

№3 үлгі 
Болмысыңыздағы көшбасшылық қасиетті көрсетеді. Мұндай жандардың басты мақсаты – кез-келген қызмет саласында жетістікке жету. Оларды тек бір дүние ғана шаршатуы мүмкін… Бұл шектен тыс перфекционизм. 

Тағы бір қызықты дерек: кейбір үнді аңыздарында аналары ұлдарына аяғының екінші бармағы ұзын қыздарға үйленуге рұқсат бермегені айтылады. Оны билеп-төстеуші мінез белгісі деп білген. 

№4 үлгі 
Мұндай адамдар үшін өмірдегі ең басты құндылық – отбасы мен жақын достары. Суретте көрсетілгендей саусақ иелері адамдарды түсініп қана қоймай, өзін олардың орнына қоя білетін қасиетімен ерекшеленеді. Кейде олар әр нәрсені жүрегіне жақын қабылдайды. Сондықтан мұндай эмпатия зиянын да тигізіп жатады. 

№5 үлгі 
Адам болмысындағы өр мінезді білдіреді. Бірақ бұл адамдар – өзіне жауапкершілік алуға құлықсыз. Мұндай бармақ иелерінің жан-дүниесі жұмбаққа толы әрі тартымды. Десе де олар – бала сияқты аңғал. 

Аяғыңызға қараңызшы… Сіздің бармақтарыңыз қалай?
reactor.inform.kz
01 желтоқсан 2019 ж. 5 178 0