Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 7 қарашаға арналған ауа райы болжамы

7 қарашаға арналған ауа райы болжамы

baq.kz 7 қарашаға арналған ауа райы болжамын "Қазгидромет" РМК жариялады.

Синоптиктердң болжамы бойынша, атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерінде жауын-шашын жаңбыр және қар жауады. Тек республиканың оңтүстігі мен батысында жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде екпінді жел, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с, күндіз Ақмола облысында 23 м/с дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде - тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, басым бөлігінде желдің жылдамдығы 23 м/с дейін жетуі ықтимал.
Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Манғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман, Алматы облысының кей жерінде көктайғақ көктайғақ күтіледі. 
07 қараша 2019 ж. 704 0