Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 5 наурызға арналған ауа райы болжамы

5 наурызға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, еліміздің басым аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерде жауын-шашын жауады, республиканың солтүстігінде қар жауады. Кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел күшейеді.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, түнде Қарағанды облыстарының кей жерінде жел 15-23 м/с күтіледі, кей жерде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе облысының кей жерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын, жел 18 м/с, түнде және таңертең тұман күтіледі. 

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман, Жамбыл, түнде Түркістан, Атырау облыстарының кей жерінде, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күтіледі, Атырау, Алматы облыстарының кей жерінде көктайғақ күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, жел 15-20 м/с күтіледі, жолдарда көктайғақ күтіледі. 

Павлодар облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с, түнде кей жерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. 
baq.kz
05 наурыз 2019 ж. 1 183 0