Кір сабынның кір жуудан өзге пайдасы көп

Кір сабынның зарарсыздандыру қасиеті мұрын бітуіне де қарсы тұрады. Мақта тампонды сабын ерітіндісіне батырып, мұрынды тазалау қажет. Алғашында аздап ашытады, 1-2 рет қайталағаннан кейін мұрын бітуі тоқтап, біразға дейін мазаламайды.
Тіпті оны бас жууда да пайдаланады. Сабынды үккішпен үгітіп, үстіне 1 литр су және 2 ас қасық сірке суын (уксус) құйып, осы қоспамен басыңызды аптасына бір рет жусаңыз, қайызғақтан құтыласыз және шашыңыз жақсы өседі, түсуі азаяды. Бетке безеу шықса, кір сабын теріні жақсылап тазалап, артық майдан арылтып, тіндегі зат алмасу процесін арттырады. Аптасына бір бетіңізді кір сабынмен жусаңыз жеткілікті. Көп күттірмей, нәтижесі таңдандырады. Қырынғаннан кейін де кір сабын теріге жақсы әсер етеді.