Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ: 26 ҚАРАША

ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ: 26 ҚАРАША

      inform.kz  Тоқты (21 наурыз – 20 сәуір)
Денсаулығыңызды қадағалаңыз. Туысқандарыңызбен, балаларыңызбен ұрысып қалуыңыз мүмкін.
 
Торпақ (21 сәуір – 21 мамыр)
Жоспарсыз шығын шығып кетуі мүмкін. Сондықтан жоспармен ғана жұмыс істеңіз.
 
Егіздер (22 мамыр – 21 маусым)
Жаңа істерді бастауға, жақындарыңызбен араласуға, оқуға өте қолайлы күн. Алған біліміңіз кәдеңізге жарайтын болады.
 
Шаян (22 маусым – 22 шілде)
Ашық әрі мейірімді болыңыз. Болашақта көп көмегі тиетін жаңа достар табуыңыз мүмкін.
 
Арыстан (23 шілде – 23 тамыз)
Құжаттарға сақ болыңыз. Қателіктер орын алуы мүмкін. Бүгін күмән көп.
 
Бикеш (24 тамыз – 22 қыркүйек)
Егер дау сіздің пайдаңызға шешілмесе ұстамдылық танытыңыз. Жағдайды саралап, болашақта бүгінгі қателіктеріңізді жібермеңіз.
 
Таразы (23 қыркүйек – 22 қазан)
Күннің екінші жартысында жоспарыңыз өзгеруі мүмкін. Асығыс шешім қабылдамауға тырысыңыз.

Сарышаян ( (23 қазан – 21 қараша)
Қателіктеріңізді мойындап, бәрін жаңа парақтан бастауға қолайлы уақыт. Бүгін сәттілік сіздің жағыңызда.
 
Мерген (22 қараша – 21 желтоқсан)
Екінші жартыңызбен жанжалдасып қалуыңыз мүмкін. Және ол сіздің пайдаңызға шешілмейді. Сондықтан сақ болыңыз.
 
Тауешкі (22 желтоқсан – 20 қаңтар)
Жеке өміріңіздегі мәселелер асығыс шешім қабылдатуы мүмкін. Өзгерістерден қорықпаңыз. Позитивті болыңыз.
 
Суқұйғыш (21 қаңтар – 19 ақпан)
Кез келген іске батыл кірісіңіз. Бүгін кез келген істе жетістікке жете аласыз. Бірақ жоспарларыңызбен бөліспеңіз.
 
Балықтар (20 ақпан – 20 наурыз)
Өміріңізді өзгерту туралы ойлап жүрген болсаңыз бүгін соны жүзеге асыратын уақыт келді. Тәуекелге барудан қорықпаңыз.
 
26 қараша 2019 ж. 2 172 0