2020 жылдың түсі аталды
Kyzylorda-news.kz. Түстерді зерттейтін Pantone ұйымы "классикалық көкті" 2020 жылдың түсі деп атады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.«Біз сенім мен наным қажет заманда өмір сүріп жатырмыз. Мұны тұрақтылық пен сенім нышаны болған PANTONE 19-4052 «классикалық көк түс» береді. Мықты әрі берік көк түске әрдайым сенім артамыз», - делінген институт директорының міндетін атқарушы Литрис Эйзман.
Оның сөзі орталықтың сайтында жарияланды. 2019 жылдың түсі, орталықтың нұсқасы бойынша «ұйпа-тұйпа, бірақ жұмсақ «тірі коралл» болған, ал 2018 жылы ғарыштың құпиясын ұсынған «қиын әрі сырттай ультрафиолет» болған еді.
Pantone институты 50 жылдан бері жұмыс істеп келеді және осы салада абыройлы саналады.









