Сағадиев: Қазіргі Білім министрі менен де жоғары нәтиже бере алады
ҚР Білім және ғылым экс-министрі Ерлан Сағадиев алдағы жоспарлармен бөлісті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтының дерегіне сүйеніп.
–Ең алдымен маған сенім білдіргені үшін Елбасына алғысымды білдіремін. Үш жылдың ішінде біршама өзгерсітер болды. Көптеген істер жасалды. Жуырда бір мақаладан оқығаным: істелген немесе істелмеген мәселелерге лайықты түрде баға бер дейді. Мен осы үш жыл аралығында өзіммен бірге жұмыс атқарған әріптестеріме, сонымен қатар, Мәжіліс пен Сенат қызметкерлеріне түсіністік пен қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіргім келеді. Білім жүйесі бұл еліміздің болашағының қандай боларын көрсетеді - деп мәлімдеді Ерлан Сағадиев.
Естеріңізге сала кетсек, экс-министр 1 маусымда республикада өтіп жатқан балалар оркестірінің шеруін атап өткен болатын.
«Өткен жылы біздің балаларымыздың қатысуымен мақтан тұтатындай рухты, керемет әрі қызықты шеру өтті Мұның барлығы – балалардың болашағы үшін жасалып жатқан іс-әрекеттер», - деді Сағадиев.
Сонымен қатар, экс-министр аталмыш балалар оркестірінің болашақта одан әрі дами түсетіндігіне сенім білдірді.
Ал жаңадан Білім және ғылым министрі атанған Күләш Шамшидиноваға Ерлан Сағадиев «ақылды, тәжірибесі мол әрі табысты еңбек етеді» деп баға берді.
«Білім беру жүйесінде ол менен де жоғары нәтиже бере алады деп сенемін. Оның бастауы ретінде бүгінгі таңда еліміздегі мектептердің протатипіне айналған Назарбаев атындағы интеллектуалдық мектеп тұр. Егер қажет болған жағдайда мен көмектесуге әрдайым дайынмын, дегенмен қазіргі білім және ғылым министрлігінің ұжымы өте еңбекқор және керемет идея мен ұстанымдармен жұмыс істей алады деп ойлаймын» - деп сенім білдірді.
«Ал мен алдағы уақытта өзімнің жеке жұмыстарыммен айналыспақпын. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап менің Гарвардтағы бітпей қалған оқуым қайта жалғасын таппақшы. Ал, ол уақытқа дейін үй шаруашылығы мен мектепте оқитын балаларымның болашағына көбірек көңіл бөлумен айналысамын», - деп экс-министр Ерлан Сағадиев алдағы жоспарларымен сұхбатын қорытындылады.
www.qamshy.kz