Cағадиев мектеп директорларына «жұмыстан босатамын» деп ескерту жасады

«Ережеге сәйкес, министрлік осы уақытқа дейін мектеп директорлары мен олардың орынбасарларына ешқандай шара қолданбады. Бұл – жергілікті атқарушы органдардың міндеті. Алайда, осы жылдан бастап қандай да бір мектептің директорын қызметінен босату туралы ұсыныстарымызды біз ашық түрде жеткізетін боламыз. Әсіресе, оқушылар арасында төбелес көп болатын мектептерге қатысты», - деп айтып өтті министр Сағадиев.
ЮНИСЕФ-тің мәліметіне сәйкес, 62 пайызға жуық қазақстандық оқушылар түрлі қысымға тап болады екен.