Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

  kyzylorda-news.kz  Тоқты
Бүгін іскерлік белсенділігіңіз артады. Сіздің жолыңыздағы барлық қиындықтарға, кедергілер мен сынақтарға қарамастан, үлкен жетістікке жетуге болады.

Торпақ
Мақсатыңызға жету жолында алаяқтыққа жол бермеңіз. Бұл сіздің абыройыңызға әсер етіп, айналаңызға жағымсыз әсер қалдырасыз.

Егіздер
Бүгін көңіл-күйіңіз түседі. Айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынасыңызды қайта қарауға мәжбүр ететін жағымсыз жаңалықтар болады.

Шаян
Отбасыңыз сізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Сөзіңіз бен ісіңізге абай болыңыз. Жасы үлкен адамдар денсаулыққа мән беру керек.

Арыстан
Бүгін қатты шаршайсыз. Жай ғана демалу жеткіліксіз, дәрумендер қабылдап, дұрыс тамақтаныңыз. Кездескен қиындыққа қарамай көңілді болыңыз.

Бикеш
Отбасында кекілжің туындауы мүмкін. Ұзақ жылдардан бері созылып келе жатқан аурудан емделетін күн жетті. Жақындарыңызды ойлаңыз.

Таразы
Жоспарларыңызды құпия ұстаңыз. Сүйіктіңізбен бірге атап өтетін мерекеге дайындалыңыз. Жұлдыздар спортпен айналысуға кеңес береді.

Сарышаян
Бүгінгі күніңізде қиындықтар туындауы мүмкін. Басшыларыңызбен, әріптестеріңізбен арада дау туындайды.

Мерген
Апта соңындағы оқиғалар сіздің идеяңызға айтарлықтай әсер етеді. Отбасылық өмірде жақындарыңызды ренжітпеңіз.

Тауешкі
Іссапарлар мен саяхаттауға қолайсыз күн. Денсаулығыңызды күтіңіз. Физикалық белсенділік қауіп тудырады.

Суқұйғыш
Бүгін өз ұстанымыңызға берік болып, табандылық танытпасаңыз күн қиын болуы мүмкін. Басшыларыңызбен қарым-қатынасыңызды бұзбаңыз.

Балықтар
Әр түрлі мәселелер шешімін табатын сәтті күн. Жаңа бизнесіңізді бастасаңыз жолыңыз болады.
30 желтоқсан 2019 ж. 640 0