Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 7 қарашаға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Сезіміңізді білдіруден қорықпаңыз. Шынайы болыңыз. әсіресе сүйікті адамыңыздан ештеңе жасырмаңыз.
Торпақ
Жоспарларыңызға өте мұқият болғаныңыз жөн. Себебі жоспар құру оңай болғанымен, оларды жүзеге асыру қиынға соғады.
Егіздер
Бүгін заңға бағынып, ережемен жүрудің қажеті жоқ. Сондай-ақ ақыл айтып, кеңес берудің де қажеті шамалы.
Шаян
Бүгін барлығын ақылға салып шешкеніңіз жөн. Эмоцияға беріліп, ашуланудың қажеті жоқ. Сабырлы болыңыз.
Арыстан
Бүгін көңіл-күйіңіз түседі. Бұл жұмысыңызға кері әсерін тигізуі мүмкін. Жауапкершілігі мол істі мойныңызға жүктемеңіз.
Бикеш
Бүгін денсаулығыңызға мән беріңіз. Йогамен айналысып, таза ауада серуендеуге шығыңыз. Ас мәзіріне көңіл бөліңіз.
Таразы
Айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынасыңыз жақсарады. Бұрын жанжалдасқан адаммен қайта татуласасыз.
Сарышаян
Жұмыс көп. Сондықтан басшылыққа айтар шағымыңыз бар. Бірақ барлық шаруаны өзіңіз атқаруға тура келеді.
Мерген
Күніңіз бірқалыпты өтеді. Айтарлықтай өзгеріс жоқ. Барлығын жоспар бойынша жүзеге асыра беріңіз.
Тауешкі
Бүгін барлық жағдайды сырттан бақылап отырасыз. Белсенділігіңіз төмендеп, ешкіммен әңгімелескіңіз де келмейді.
Суқұйғыш
Бүгін тәбетіңіз ашылып, түрлі тағамдарға аңсарыңыз ауады. Сондықтан суды көп ішіп, ұннан жасалған тағамдарды аз жеуге тырысыңыз.
Балықтар
Күніңіз сәтті өтеді. Барлық жағдайды қалыпты түрде қабылдап, жан-жағыңызға өте сақ боласыз.


07 қараша 2019 ж. 764 0