Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Боран, көктайғақ: Алдағы 3 күнде ауа-райы қалай болмақ?!

Боран, көктайғақ: Алдағы 3 күнде ауа-райы қалай болмақ?!

Қазақстандықтар 7-9 қаңтар аралығында қар жауады, боран соғып, көктайғақ болады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, циклон Қазақстанның оңтүстік облыстарына ауысты. Жауын-шашын, көбінесе ылғалды қар, тұман, көктайғақ және ауа температурасының аздап төмендеуі мүмкін.
«Ал қалған аумақ Ресейдің еуропалық бөлігінен ауысып, атмосфералық фронттардың әсер ету аймағында болады. Мұнда фронт әсерінен қар, бұрқасын, батыстың қатты желін, ауа температурасы төмендейді», - деп хабарлады Қазгидромет.
«Салқындауға қарамастан ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болады деп күтілуде, тек оңтүстік пен шығыста температура орташа мерзімді мәндер шегінде болады», - деп толықтырды ведомство.
07 қаңтар 2020 ж. 526 0