2020 жылға арналған жұлдыз жорамал
2020 жыл барлық жұлдызнама белгілері үшін қарқынды жыл болмақ. Жағымды өзгерістер мен мүмкіндікер жылдам шешім мен еңбекті талап етеді.
Тоқты: Жыл бойы Тоқты белгісінде туғандар үшін тынымсыз болмақ. Олар өздерін шегі жоқ тауға саяхаттағандай сезінеді. Олар бірнеше саладағы әртүрлі мәселені қатар шешуге мәжбүр. Ең қиыны соның бәрі бір уақытқа сәйкес келеді. Бірақ, берілмей, істі соңына дейін жеткізсе, Тышқан жылы сыйлықсыз қалдырмайды. Осы жылы өзіңіз білмейтін белгісізі қырыңызды ашуыңыз мүмкін. Соны тұншықтырып алмаңыз.
Торпақ: Жинақылық, жауапкершілік, естілік 2020 жылы торпақ белгісінде туғандарға серік болады. Бірақ, көңіл көтеруді жақсы көретін Торпақтар осы жылы өзін көп нәрседен тыяды. Есесіне, еңбегінің жемісін жыл аяғында көреді.Одан бөлек, биыл бастаған ісі оны бірнеше жыл бойына қаржымен қамтамасыз етеді.
Егіздер: Өткен жылы бар назарыңызды жұмысыңызға бөліп, қарым-қатынасқа келгенде тұйықталып қалса, биыл олар уақытын достары мен отбасына арнайды. Бірақ, кез келген адамға ашыла бермеген жөн. Осы жылы егіздер көп шығындалады: жаңа дизайнерлік киімдер, жиһаз бен техникалар сатып алады Бірақ, шығындалу олардың жаңа табыс көзін іздеуіне бастама болады.
Шаян: Шаяндардың мақсат қоя білетіндігі және олардың кез келген істі тез меңгеретіні олардың беделін арттырады. Жыл бойына барлық істі аяқтауға уақыт жеткіліксіз көрінеді. Бірақ, уайымдаудың қажеті жоқ. Өйткені, бұл жыл шаян белгісімен туғандардың жағында. Олардың барлық сала бойынша жолы болады.
Арыстан: Жаңа жыл Арыстандар үшін сәтті болмақ: өмірлері жаңа таныстармен толығады, жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Керемет эмоциялар сыйлайды. Арыстан белгісінде туғандар қатты ғашық болуы мүмкін. Бірақ, бұл ғашықтық оның өз міндеттеріне ұмыттырады. Дер кезінде өзін қолына алмаса, қиындыққа тап болуы әбден мүмкін.
Бикеш: Жұлдыздар бұл белгімен туғандар ойын жинақтап, асықпай шешім қабылдап үйренуге кеңес береді. Егер олар шынайы мүмкіндіктерді дер кезінде аңғармаса, жыл олар үшін қиын болуы мүмкін. Бикештер өздерінің стилі мен имиджін өзгертеді. Жұмысын өзгертіп, бөтен аймаққа көшіп кетуі де мүмкін. Шешім қабылдамай, ұзақ жүріп алудан сақ болғаны абзал. Өйткені, бұл күйзеліске бастайды.
Таразы: Келесі жылы таразы белгісінде туғандар әр сәтінен ләззат алып үйренуі керек. Асықпай жоспар құрып, әр кезеңнен кезеңғе салмақты түрде адымдайды. Олардың аналитикалық ойлау қабілеті мен ішкі түйсігі ешқашан алдамай, оларға дұрыс жол сілтейді. Жақын жандарының қасында болғаны дұрыс.
Сарышаян: Тышқан мен сарышаян – бір-бірімен сыйыспайтын, үйлесімсіз жануарлар. Сол себепті биыл сарышаянды түрлі сынақтар күтеді. Кез келген істі тек ойланып қолға алған дұрыс. Асығыс шешім шығынға алып келеді. Бірақ, бұл тоқтап қалу деген белгі емес. Керісінше, алға жылжыған сайын сарышаяндардың жолы анығырақ бола түседі. Жақындарына көңіл бөлуді ұмытпағаны жөн. Кажетті энергияны айналасындағы адамдар ғана береді.
Мерген: Мергендер олардың жоспары өзі ойлағандай жылдам іске асатынына әбден үйренген. Бірақ, келер жылы кішкене кідіруге тура келеді. Қалыпты жағдайдан ауытқитын сәттер жиі кездеседі. Жыл мергендерге өз тәжірибесін қолдануға, өзін-өзі тануға мүмкіндік береді.
Тауешкі: Жыл басталған сәттен-ақ сатқындық пен алдаудың құрбаны болады. Бірақ, тауешкілер оңайлықпен берілмейді. Алдағы жыл сізге жаңа тәжірибелер алып келеді. Тың нәрсемен танысу үшін жаңа білім көзін іздеуге тура келеді.
Суқұйғыш: Алдағы жыл сіз үшін түрлі сынақтарға толы болады. Әріптестерімен арада түсініспеушілік және қаржы қиындықтары туындайды. Бірақ, ашық-жарқын суқұйғыштар бұдан бір жолын тауып шығады. Кез келген құмар ойындарынан алшақ болғаны жөн. Өйткені, олардың дер кезінде тоқтауы өте қиын.
Балық: Кейінге шегеріп жүрген істерді іске асыратын жыл келді. Ең күшті энергия көзі олардың ойымен бірге болады. Сондықтан, әр қадамын сенімді түрде басқаны абзал.
massaget.kz