Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Зодиак белгілері: өкпелерін қаншалықты ұзақ сақтайды?

Зодиак белгілері: өкпелерін қаншалықты ұзақ сақтайды?

Біреу өмір бойы өкпесін ұмытпай кетсе, екіншілерінің ашуы шайы орамал кепкенше. Бұл адамдардың зодиак белгілеріне де байланысты. Зодиак белгілері өкпе-реніштерін қаншалықты ұзақ сақтайды? Қаншалықты тез ұмытады?



Тоқты

Тоқтылар өздерін шынымен ренжіткен адамдарға ғана ренжиді және онысы ұзаққа бармайды. Олар қанша жерден ренжіссе де адаммен ешқашан ат құйрығын кесіспейді.
 
Торпақ

Торпақ өкпесін өмір бойы сақтайды. Олар бірбеткей және өзінікін бұрыс демейді.
 
Егіздер

Егіздер сирек ренжижі. Егер әлденеге уайымдаса сол жерде анықтауға тырысады. Олар өкпе-ренішті ақымақтық санайды. Сол себепті олар жылдам кешіреді, тез ұмытады.
 
Шаян

Шаян – ең эмоционалды белгілердің бірі. Сондықтан дау-жанжалды ұзақ уақыт уайымдайды. Ол ренжісе сол ренішпен бірнеше жыл бойы жүруі мүмкін. Ол осылайша өзінің жанына жара салған адамдардан өзін қорғауға тырысады. Олар кешіргісі келсе де бұған эмоциялары мүмкіндік бермейді.
 
Арыстан
 
Арыстан өміріндегі оқиғалардың кездейсоқ болмайтынына сенеді. Сондықтан өзіне ыңғайсыз адамдардан іргесін аулақ салады. Ол ұзақ уақыт ренжуі мүмкін. Бірақ сізге бәрін міндетті түрде айтады. Арыстандардың достары мен жанкүйерлері көп. Сондықтан бір-екі адамнан бас тарту олар үшін қиын емес.
 
Бикеш

Бикештер реніштерін айлап көтеріп жүреді. Ол әр нәрсені үнемі саралап отыруға тырысады. Бірақ сіз одан кешірім сұрауыңыз керек.
 
Таразылар

Таразылар ренжігенді ұнатпайды. Олар достық пен қарым-қатынасты сақтау үшін барлығын жасайды. Бірақ олар бәрін көтере береді деген сөз емес. Сондықтан да ұрыс-керіске бармауға тырысады.

Сарышаян

Сарышаяндар барлық өкпе-ренішті есте сақтайды. Осылайша олар ішкі әлемдерін артық адамдардан қорғайды. Олар өздерін бір ренжіткен адамның екінші рет ренжітуінен қорқады. Сондықтан бір ренжіткен адамға екінші рет қайырылмайды. Тіпті олар неше жыл таныс болғандарыңызға, жақсы араласқандарыңызға қарамайды.

Мерген

Мергендер ренжу білмейді, сондықтан олар ренішті жылдам ұмытады.
 
Тауешкі

Тауешкі өз өмірін мұқият жоспарлайды. Және ешкімнің манипуляция жасауына жол бермейді. Егер сіз оның жоспарында жоқ болсаңыз ол сізді жылдам ойыннан шығарады. Олардың өзіне қажетсіз адамдармен араласуға уақыты жоқ. Олар бір ренжісе сіздің сөзіңіз бен ісіңізді ешқашан ұмытпайды.
 
Суқұйғыш

Суқұйғыштар достарын кейде өздерінен артық жақсы көреді. Біреу шынымен қатты ренжітсе ұмытпауы мүмкін.
 
Балықтар

Балықтар өздерін мазақтағанды ұнатпайды. Өздері жағдайды саралағанға дейін ренжіп жүруі мүмкін. Егер балықтарды ренжітсеңіз ол кезде олардың сізбен араласуға да, кешіріміңізді тыңдауға да құлқы болмайды. Олар осылайша бірнеше ай ренжіп жүруі мүмкін. Содан кейін айыбыңызды жуып-шаюға мүмкіндік береді.
 
reactor.inform.kz​​​
19 маусым 2018 ж. 2 807 0