Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Күн сайын өзіңізге уәде беріңіз

Күн сайын өзіңізге уәде беріңіз

massaget.kz Әр күніңіз шаттыққа, бақытқа толы болсын десеңіз, ешкімге жамандық тілемей, ешкімнен ештеңе күтпей өмір сүріңіз. Әр күні өзіңізге мына нәрселерге уәде беріп, оны орындауға тырысыңыз.
☺ Ешкім сіздің ішкі жан тыныштығыңызды, көңіл күйіңізді бұза алмайтындай мықты болу.
☺ Өткен шақта жіберген қателігіңізді ұмытып, алдағы уақытта биік белеске жетуге талпыну.
☺ Алдыңызда кездескен әр жанға шын пейілмен жолының ақ болуын, дені сау, бақытты болуын тілеу.
☺ Үнемі қуанышты күйді сақтап, өзгелерге тек күліп тұрған жүзіңізді көрсету.
☺ Әр досыңыз сіз үшін ерекше екенін білдіру.
☺ Ешкім бойыңыздан мін таба алмайтындай өзіңізді жетілдіру.
☺ Барлық жағдайды жақсы жағынан ғана қабылдау.
☺ Тек жақсылықты ойлау, тек жақсылыққа жұмыс істеу, тек жақсылық күту.
☺ Өзіңіздің тек жақсы жақтарыңызды ойлап, басқалар да солай ойлайтындай жағдай жасау. Сөзбен емес, іспен...
☺ Өзгелердің жетістігіне өз жетістігіңнен артық қуана білу.
☺ Өзіңіз ең жақсы адам екеніңізге сену, бүкіл әлем сізді жақтайтынына сену.
07 қаңтар 2020 ж. 1 134 0