Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бес мыңнан аса әйелдің бала көтеруіне себепші болған оралдық емші туралы не білеміз?

Бес мыңнан аса әйелдің бала көтеруіне себепші болған оралдық емші туралы не білеміз?

KAZ.NUR.KZ Әлеуметтік желіде "Ұмай ана" атанып кеткен оралдық емшінің есімі кеңінен таралуда. Анар Панкерейқызы бала сүйе алмай, ана бақытын сезіне алмай жүрген талай келіншектің нәрестелі болуына себепкер атанып жүр. Сәбилі болу үшін бармаған жері, баспаған тауы қалмаған талай әйел "Ұмай ана" Анардың емінен соң құлан-таза айығып, нәрестесін бауырына басуда. Осы орайда KAZ.NUR.KZ тілшісі желіде танымал болған емшімен сұхбаттасып, оның емшілік қасиетінің басты құпиясын сұраған болатын.
"Ұмай ана" Анардың халық емшілігімен айналысқанына 20 жылдан асқан. Ал соңғы кезде ел арасында кең танылуына әлеуметтік желі себепкер болыпты. Орал қаласында тұратын емшіден Қазақстанның барлық аймағындағы қыз-келіншектер кеңес сұрап, ем алып, жан дауасына шипа табуда. Одан бөлек, Анар Панкерейқызына Түркия, Үндістан, Мысыр, АҚШ, Франция, Грузия, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей мен Қытайдан келіп ем алатындар да көп.
"Мен басқалар секілді қамшымен сабалап, су бүркеп, ата-бабалар басына апарып, жанына дауа іздеген жандарды бейіт басына түнеткен емеспін. Кәдуілгі гинеколог мамандар секілді, мен де медициналық жолмен емдеп шығамын. Негізгі айырмашылығым – ем кезінде Құран аяттарын қолданып, Алладан сәби сұрап келген келіншектер үшін үнемі дұғада болуым шығар. Менің емдеу кезіндегі басты құпиям – адам санасын түзеу.Нақты диагноз бойынша және Құран аяттарымен, сондай-ақ, алақанымның биоөрісімен емдеймін. Сәби көтере алмай жүрген әйелдердің барлығы да маған УДЗ қорытындысымен келеді. Ал Алланың қалауымен жүкті болған соң, УДЗ қорытындыларымен үнемі ұшықтап отырамын. Яғни, менен ем алып, Алланың қалауымен жүкті болған әйелдерге сәбиін қолына алғанға дейін қарайласамын. Үнемі байланыстамын", - дейді емші.
"Ұмай ана" Анар өзіне келетін әйелдердің басым бөлігінде қандай сырқат кездесетінін де жасырған жоқ.
"Өзіндік мониторинг жүргізе келе, мен алдыма келетін он пациенттің үшеуіне қате диагноз қойылатына көз жеткіздім. Әсіресе, әйелдерде жиі кездесетін гинекологиялық аурулар - эрозия, инфекцияның барлық түрі, миома, трубканың сұйықтықты өткізбеуі, аднексит, оофорит, кольпит, полип, эндометриоз, етеккірдің тұрақсыздығы т.б. сырқат түрлеріне диагноздар атүсті, көбіне жобамен ғана қойылады екен. Дәлме-дәл және уақытылы қойылған диагноз – аурумен күресуде және оны жеңудегі басты талабы ғана емес, нақты сауығудың сара жолы.Емшілікпен айналысқалы бері қаншама әйел бедеуліктен арылып, аңсап күткен сәбиін бауырына басқанына куә болдым. Тағы бір байқағаным, ұзақ жылдар бойы бала сүйе алмай, бедеулікке мойынсұна бастаған көптеген келіншектер тұңғыштарын дүниеге әкеліп қана қоймай, екінші, үшінші мәрте ана атанып жатты. Бұл мені қуантады.Бүгінде алдымен Алланың, кейін менің көмегіммен ана атанған әйелдердің саны бес мыңнан асып кетті. Олардың арасында ЭКО арқылы да бала сүйе алмаған келіншектер бар. ЭКО-дан да жолы болмай, ұнжырғасы түскен біршама әйелдің бала көтеріп, сәбилі болғанына Алла куә. Тіпті, менен ем алғандар қатарында дәрігерлер де көп. Күніне еліміздің әр аймағындағы 6-7 келіншектен сәбилі немесе жүкті болғаны туралы қуанышты хабар аламын", - дейді Анар Панкерейқызы.
Қазіргі таңда "Ұмай ана" Анар қашықтықтан ем жүргізуді қолға ала бастады.
"Қашықтықтан ем алуға күмәнмен қарайтындар жоқ емес. Бірақ ең бастысы – сенім болса, шынайы ем алуға ниет етсе, бәрі де жақсы болады. Мен Whats App мессенджері арқылы бір адамды екі күн емдеймін. Қасиетті Құран кәрімде: "Мұсылманның бір-біріне тілеген тілегі, жасаған дұғасы қабыл болады" делінген. 41 күн бойы қасиетті Құран аяттарымен сырттай дұға оқып, сәби көтергенше жалғастыра беремін. Шарана жатырға біткен күннен бастап, аман-есен босанып шыққанға дейін барлығы менің дұғамда болады. Тіпті, "босанатын бөлімге кіріп барамын", "толғатып жатырмын" деп хат жолдаған әрбір емделушім үшін ең соңына дейін дұғадамын", - дейді ол.Сондай-ақ, Анар Панкерейқызын көпшілік арасында неліктен Ұмай ана атанғанын да түсіндірді.
"Маған бұл аттың қоса берілуі тегін емес. Өйткені, еліміздің оңтүстік өңірінде де Анар атты емші бар. Көпшілігі екеумізді шатастыра берген соң, Ұмай ана деген атты қосарлап жүретін болдым. Ұмай ана – ертеде Ұлы Даланы мекендеген түркі тілдес халықтардың ұрпақ жалғастырушы, береке-молшылық тәңірісі атанған. Көне түркі мифологиясы бойынша, ол – ұрпақ жалғастығын жебейтін періште. Көне қазақтар қыздарын ұзатқанда, неке қиғызу рәсімінде, әйелдер босанғанында Ұмай анаға жалбарынып, медет тілеген."Ұмай" деген сөз – ежелгі түркі тілінде "баланың ізі", "бала орны", "ана жатыры" деген мағынаны білдіреді", - дейді ол.
20 жылдан бері емшілік жолды ұстанған Анар Панкерейқызы Қазақстан Халық медицинасының және Халықаралық Халық медицинасы Академиясының Ғарыштық қуат мамандығы бойынша толық мүшесі, Халықаралық дәрежедегі әлем емшісі, Рухани емшілік магистрі.
Қазір Адам ағзасына жағымды оң энергиямен тиімді әсер ету, Р-ФОЛЛЬ әдісімен сыналған сертификаттың және "Аура-CAMERA" аппаратынан "Диагностикалық аура" тәсілі бойынша куәлігінің иесі атанды. "Рухани шипагер" және "Өтейбойдақ" медальдарымен, ҚХЕҚ-ның көптеген дипломдарымен және алғыс хаттарымен марапатталған.
17 қаңтар 2020 ж. 6 594 0