Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігер ұйқыға жатар алдында қандай әрекеттерден аулақ болуды ескертті

Дәрігер ұйқыға жатар алдында қандай әрекеттерден аулақ болуды ескертті

Дәрігер  Алена Гаврилова ұйқыға әсер ететін жағымсыз әркеттерді атады. Ол ұйықтар алдында телефон шұқылап және теледидар алдында ұйықтауды ең жаман әдетке жататынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жанып-өшетін және көк түстер адамның ұйқыда көретін түсіне кері әсерін береді. Сондай-ақ, ұйықтар алдында атыс-шабыс фильмдер, негатив тудыратын бағдарламалар ағзада стресс гормондарын тудыратынын айтады. 
Маман ұйқыға жатар кезінде шай және кофе ішпеуге кеңес береді. Тойып тамақ көп жеуге де болмайды. Алайда, аш қарын ұйықтауға да болмайтынын ескертеді. 
«Калориясы аз, жеңіл тағам жесеңіз өте жақсы болар еді», – дейді ол.
Жатар кезде аз мөлшерде алкогольдік ішімдік ішсе артықтық етпейтінін айтады. Алайда мөлшерден тыс ішсе, ол түске кері әсерін береді дейді.
Гавтрилова ұйқыға жатардан бірнеше сағат бұрын тренажер залына баруға кеңес береді. Сонымен қатар, біраз далада жүру де жақсы болатынын айтады.

 
19 қаңтар 2020 ж. 853 0