Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ​Ұйқыны жақсартуға 15 кеңес

​Ұйқыны жақсартуға 15 кеңес

1. Үнемі ұйықтайтын бір уақытты таңдаңыз. Әр күні әр түрлі уақытта ұйқыға жата отырып, ағзаңызды күйзеліске түсіріп алғаныңызды білмей қаласыз, нәтижесінде ол ішкі биологиялық уақытын үйлестіре алмай қалады.

2. Түнде көз іле алмасаңыз, күндіз ұйықтамауға тырысыңыз.

3. Қаттылығы мен қалыңдығына қарай ыңғайлы  көрпе алыңыз.

4. Ыңғайлы жастық алыңыз.

5. Жарықсыз, қараңғы бөлмеде ұйықтаған ең дұрысы екенін ұмытпаңыз.

6. Ванна бөлмесіне не әжетханаға шам қойыңыз, бұл сізге түнгі уақытта тысқа шықсаңыз, көмегі тиері анық.

7. Дыбыс және өзге де шу тудыратын құрылғыларды алып тастаңыз, өшіріңіз.

8. Дененің тұрақты температурасын сақтаңыз: қыстыгүні қосымша көрпе, ал жаздыгүні жеңіл көрпеше жамылыңыз. Ыстық пен суық та ұйқыны бұзушы факторлардың бірі саналады.

9. Тыныштандыратын немесе ұйықтататын дәріні қолданбауға тырысыңыз, олар бар болғаны сіздің проблемаңызды күрделендіре түседі. Және бұл препараттарға сіз тәуелді болып қалуыңыз да ғажап емес.

10. Жатын бөлмеге компьютер немесе жұмысқа байланысты дүниелерді қоймаңыз, бұл сізге белгілі бір деңгейде ұйықтауға кедергі келтіреді.

11. Ұйықтағанға дейін кофе немесе басқа да ұйқы шақыратын шырындарды ішпеуге тырысыңыз.

12. Егер ұйқыңызға әсері бар болса, кешкісін жаттығу жасамауға тырысыңыз.

13. Ұйықтар алдынан екі сағат бұрын түймедақ қосылған шай ішіңіз – бұл ұйықтауға көмектесетін бірден-бір құрал.

14. Ұйықтар алдында жоғары көңіл-күйді шақыратын ештеңемен айналыспаңыз, бұл ұйықтауға кедергі келтірері анық.
15. Ұйықтар алдында жайбырақаттандыратын бір нәрсе оқуға тырысыңыз.
reactor.inform.kz
11 қазан 2018 ж. 1 166 0