Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыз жорамал: 28 мамыр

Жұлдыз жорамал: 28 мамыр

Балықтар
Сүйіктіңізбен ара-қатынасыңызды дұрыстаңыз, жеңіл сезімге беріліп, сүйіктіңізді ренжітіп алмаңыз. Таңдаған адам қатты қызғаншақ, сенімсіздігі де бар- сол себепті өзіңіздің махаббаттыңызды көрсетіп, айналаңызға жалтақтап қарамаңыз. Үй ішіңіз бен өзіңізге бір күндік демалыс сыйлаңыз, киноға барып, тəтті стол жаюға да уақыт табыңыз.

Суқұйғыш
Күндізгі жұмыстарыңызды ысырып қойып, таңертен ұйқыңызды қандырып алыңыз. Ағзаңызды демалдырып алғаныңыз өзіңіз үшін пайдалы. Бүгін маңызды кездесу болу мүмкін,яғни сүйгеніңіздің туыстарымен кездесуіңіз мүмкін. Сол себепті оларға ұнауға тырысыңыз, бірақ тым əсерленіп кетпеңіз . Қандай жағдай болса да сүйіктіңізді туыстарыңызға қарсы қоймауға тырысыңыз.

Тауешкі
Бүгін қабылданған кейбір шешімдер сіздің өміріңізді жақсы жаққа қарай өзгеруіне себепші болады. Сүйіктіңізбен жақсы қарым-қатынас жасау үшін, оның кейбір айтқан сөздеріне мəн бермеуді үйреніңіз. Көбірек əзілдеп, көбірек күліңіз. Оптимист болыңыз!

Мерген
Бүгінгі күн сізге сəттілік əкелмек. Сіздің көтеріңкі көңіл -күйіңіз үй-ішіңіз бен достарыңызға нұр шашып, өте жақсы əсер етуі мүмкін. Сүйіктіңізбен отырып болашақты жоспарлайтын, 10- 15 жылдан кейін қандай болатындарыңызды армандайтын күн. Əрбір қарым-қатынаста болашаққа үмітпен қарау керек. Үй ішіңізбен сөйлескенде əр сөзіңізді ойланып айтқан жөн болар.

Сарышаян
Бүгін бүкіл қиындықтарыңызға күле қарап, оларды жеңесіз. Болашаққа үлкен жоспар құрыңыздар. Егер сіз бойдақ болсаңыз, бүгін жұлдыздар сізге екінші жартыңызды табуға мүмкіндік бар екенін айтады. Үйде отырмай, отырысқа, қонаққа барыңыз. Тағдырдан қашып құтылмайсын деген сөз бар, бірақ тағдырды күтіп отырмай өзіңіздің де қимылдағаныңыз жөн болар.

Таразы
Үйдегі жандалдан қашып құтылмайсыз, себебі оны өзіңіз бастайсыз. Үйдегілердің сəл қателігіне ашулана беруді қойыңыз, ол денсаулығыңызға зиян. Кеш сүйгеңізбен романтикалық кездесуге ұласуы мүмкін. Біреулердің сіздің бақыттарыңызға көзі тимеу үшін, ағынан жарылып əрбір адамға ашыла беруіңізді қойыңыз.

Бикеш
Жақындарыңыздың əр қиындықтары мен сізге айтқан сырларына мəн беріңіз, олар сізге сенгендіктен іштеріндегі сырларын айтып отыр. Қолыңыздан келсе оларға деген көмегіңізді аямаңыз. Сүйген адамыңызды ренжітпеу үшін өзіңіздің кейбір əдеттеріңізбен қоштасуға тура келеді. Əрбір ұсақ нəрсе ұрыса кетуіңізді қойыңыз, ұрыспай-ақ шешімін табатын жол табуға тырысыңыз.

Арыстан
Бүгін көп адамның қыңырлығын көтеруге тура келеді. Үй-ішіңізден біреу табылса, достарыңыздан біреуі шығады. Калориясы көп тамақты қолданбауға тырысыңыз. Бүгін бір сымбатты адаммен кездесуіңіз мүмкін. Бірақ түрі келісті екен деп, бірден ғашық бола кетпеңіз, сөйлесіп көріңіз, мүмкін сұлу жүздің арғы жағында сіз қалаған адам болмауы мүмкін.

Шаян
Бүгін ешкіммен сөз таластырмағаныңыз жөн, жаймен "иə" деп келісе салыңыз. Сізге айтылған сынға да мəн бермеңіз, ол да бүгінгі күннің бір сынағы. Сүйікті адамыңызбен қосылып достарыңыздың ортасына барыңыз. Сол кезде күндізгі көңілсіз жағдайдың ешқандай ізі де қалмайды.

Егіздер
Жалқаулығыңызды жеңіп, ертеңге ешқандай шаруа қалдырмаңыз. Өміріңізге жаңа өзгерістер енгізуге тырысыңыз. Маңызды шешім қабылдаудың арқасында басқалардың алдында беделіңіз өседі. Бүгін сүйіктіңізден ерекше ыстық ықыласқа бөленесіз. Сыйлық беруі де мүмкін. Əрбір нəрседен күдіктене беруді қойыңыз, сізді сүйетіндігіне қуаныңыз.

Торпақ
Бүгін сауда жасауға керемет күн. Өзіңізді жеңіл сезінесіз, күн сондай керемет болмақ. Бүгін сіздің кейбір қалауларыңыз орындалмақ. Сүйіктіңізге арнайы романтикалық кеш ұйымдастырып, оның ұнайтын музыкасын тыңдаңыз. Керемет көңіл-күй сіздің еншіңізде.

Тоқты
Өзіңіздің жақсы қасиеттеріңіздің қасына: тыңдай білу қасиетін қосаңыз керемет болар еді. Бүгін жағымсыз əдеттеріңізді саралап, олардан құтылудың жолдарын іздеңіз. Бүгін сүйгеніңіздің достарымен кездесуіңіз мүмкін,уайымдамаңыз бəрі жақсы өтеді. Сүйгеніңіздің достарын өзіңізге ғашық қылмай, жай өзіңізді қарапайым қылып көрсетіңіз.
reactor.inform.kz​​​
28 мамыр 2018 ж. 1 736 0