Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарым-қатынасты нығайтудың қарапайым төрт тәсілі

Қарым-қатынасты нығайтудың қарапайым төрт тәсілі

Сүйіктіңізбен қарым-қатынасты қалай жақсарту керек? Сарапшылардың кеңесін тыңдаңыз
Демалыс алыңыз
Сүйіктіңізбен келісіп, бір уақытта демалыс алып, бірге демалыңыздар. Кафеге барып, тамақтанып қайтыңыздар. Немесе балалар мектепте болған кезде романтикалық дастархан ұйымдастырыңыз.
 
Үйді бірге жайғастырыңыз
Үйдегі жұмысты бірлесіп атқару, қарым-қатынасты нығайтады. Жаңа пердені, жаңа жиһазды бірге таңдаңыз.
 
Сүйіктіңіздің жақсы жағын көріңіз
Сарапшылар жағымсыз ойды жақсыға қарай өзгертудің аса маңызды екенін айтады. Сол себепті де сүйіктіңіздің жаман жақтарын емес, жақсы қасиеттерін көруге тырысыңыз.
 
Жалықтыратын, қайталана беретін жұмыстарды доғарыңыз
Қайталана беретін, жалықтыратын жұмыстар іш пыстырып жібереді. Қарым-қатынаста да солай. Оның орнын толтыру үшін әр жұмада киноға, сенбіде достарыңызға қонаққа барып тұрыңыз.  Басқа елге саяхатқа барыңыздар
.
reactor.inform.kz
02 сәуір 2018 ж. 1 545 0