Маман бензинді мөлшерден аз құятындарды қалай анықтауға болатынын айтты

"Мұндай алаяқ әрекеттерге ұрынбау үшін жанармайды сенімді бекеттерден толтырған жөн. Дегенмен көбі бағаналарды әдейі айналдырып қоюы мүмкін, яғни олар автоматты басқаша жұмыс істейтіндей етіп, расында сіз төлеген сомаға 1-2 литр жетпейтіндей бензин құйып береді. Әдетте клиенттер мұны байқамай қалады", - дейді Дмитрий Гелемурзин.
Сондықтан, сарапшының айтуынша, жанармай құю бекетіндегі қызметкерлерді бақылап тұру қажет. Ал ең бастысы көліктің техникалық сипаттамасы мен бензин багының көлемін біліп жүрген жөн дейді.