Қазақстанда әйелдер күніне арналған шаралар өтпейді

«Халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концертті өткізбеу жөнінде шешім қабылдадым. Бұл әлемде коронавирустың таралуына байланысты қауіпсіздік шарасы үшін жасалып отыр. Ардақты аналар мен аруларға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін», – деді Мемлекет басшысы өз жазбасында.