Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев елорда күнін тойлауды ашық деп жариялады

Тоқаев елорда күнін тойлауды ашық деп жариялады

Қасым-Жомарт Тоқаев елорда күніне орай мерекелік іс-шараларды бастады. 6 шілде елорда күні. Нұр-Сұлтан 21 жасқа толады.

Салт дәстүр бойынша мемлекеттік туды көтерудің салтанатты рәсімі елорда күніне арналған мерекелік іс-шараларды ашылу салтанаты.
"Құрылған сәтінен бастап елордамыз еліміздің даму моделінің жетістіктерінің айқын көрінісі болды. Ұлт бірлігін біріктіру мен мемлекеттілігімізді қалыптастырудағы елбасының тарихи еңбегін лайықты бағалау міндет", - деп мәлімдеді Тоқаев.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы әскери оқу орындарының және академияларының үздік кадеттерінепогондарды салтанатты түрде табыс етті.
Еске сала кетсек, биыл елорда күнін мерекелеу шығыны үш есе қысқартылды. Сондай-ақ елорда күніне арналған мерекелік отшашудан бас тартылды. Арнайы қарастырылған қаржыны Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсету қорына аудармақ.
Арыстағы жарылыстан соң көпшілік арасында елорда күнін тойламау туралы ұсыныстар айтылды. Қоғам белсенділері мерекені тойлаудан бас тартуға шақырып жатты. Кей өнер жұлдыздарыелорданың туған күнін атап өтуді қолдамайтынын айтты.
https://stan.kz
05 шілде 2019 ж. 770 0