Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 12 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

12 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

kyzylorda-news.kz Бүкіләлемдік киберцензураға қарсылық күні
Алғаш рет 2008 жылы атап өтілген. «Шекарасыз тілшілер» және «Халықаралық рақымшылық» үкіметтік емес ұйымдарының бастамасымен бекітілген.
Күн-Жер күні
Күн-Жер күні деген мереке бар екенін дүйім жұрт біле бермейді. Ол 2000 жылдан бастап атап өтіледі. Бұл мерекені АҚШ-тың Ұлттық әуеде ұшу және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасы (NASA) мен Еуропа ғарыш агенттігі (ESA) бекітті. Ол адамдарға ғарышта болып жатқан оқиғалар жайлы көбірек ақпарат беру мақсатында күнтізбеге енгізілген.
1993 жылы тәуелсіз Қазақстанның тарихында алғаш рет Алматы-Шарджа (БАӘ) бағытында авиарейс ұшырылды. Бортта 90 адам болды, Төрт жарым сағаттан кейін ұшақ Шарджаға келіп қонды.
1999 жылы Каирде (Египет) Қазақстан елшілігі орналасқан көшеге Абай есімі берілді.
2010 жылы Будапештте өткен министрлер форумы мәжілісі барысында Қазақстан Болон процесіне қосылды.
Қазақстанның қосылуы туралы шешімді Болон декларациясына қол қойған 46 елдің өкілдері бірауыздан қолдады. Болон үдерісіне қосылу қазақстандық жоғары оқу орындарына отандық білім беру бағдарламаларын еуропалық стандарттарға сәйкестендіру, қазақстандық біліктіліктер мен академиялық сатыларды тану, студенттер мен оқытушылардың академиялық икемділігін қамтамасыз ету, қазақстандық дипломдардың Еуропада танылуы және түлектердің шетелде жұмысқа тұру мүмкіндіктерін кеңейту сияқты бірқатар басымдықтар береді.
2017 жылы Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) белбеуінде Геннадий Головкин мен Қазақстан туы бейнеленді. Белбеуде бокс тарихына есімдерін алтын әріппен жазып қалдырған ұлы чемпиондар: Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Леннокс Льюис, Рэй Леонард, Роберто Дюран, Хулио Сезар Чавес, Ларри Холмс, Виталий Кличко, Марвин Хаглер, Томми Хернс, Оскар де Ла Хойя мен Флойд Мэйвезер бар.
12 наурыз 2020 ж. 630 0