Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 18 қараша: Атаулы күндер мен оқиғалар

18 қараша: Атаулы күндер мен оқиғалар

   syr-media.kz Бүкіләлемдік жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алу күні
2005 жылдың қазан айында БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес, қараша айының үшінші жексенбісі Бүкіләлемдік жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алу күні болып жарияланды.Бұл күннің мақсаты - жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алу және оның отбасына көңіл айту, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекет есіне тағы бір мәрте салу.
Қазақстанда ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасындағы кәсіби мерекелер және атаулы күндер туралы» Жарлығына сәйкес қараша айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Қазақстанда ресми түрде 1998 жылы бекітілген.
1997 жылы Вашингтонда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың сапары барысында «Қарашығанақ» мұнай-газ кеніші жөніндегі келісімге қол қойылды. Пайда үлесінің 80%-ы Қазақстанға тиесілі болды.
1999 жылы Астана қаласы көшелерінің біріне жазушы Қошке Кемеңгерұлының есімі берілді.
1999 жылы Қарағанды облысының Ульянов елді мекенінде Бұқар жырауға ескерткіш орнатылды.
2015 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам ұлт жоспарының мемлекет, жұмыс беруші, азаматтардың ортақ жауапкершілігі қағидатының негізінде міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу бөлігін іске асыруға бағытталған «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
2016 жылы Мәскеуде өткен ең үздік туристік бағыттар айқындалатын «National Geographic Traveler Awards - 2016» байқауының қорытындысы бойынша Қазақстанның астанасы «Болашақтың қаласы» арнайы аталымын жеңіп алды.
18 қараша 2019 ж. 944 0