АРАЛДЫҚТАР ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ.

Осы қасіретті жылдардың құрбандарын еске алу мақсатында аудандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш маңында «Алаштықтар бастан кешкен қуғын-сүргін» атты митинг өтті.
–Бәріңізге белгілі, саяси қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу – талайды сарсаңға салып, қайғы-қасірет шектірген қаралы күн. Әрине, сонау қиын-қыстау кезеңдерде елі үшін бастарын бәйгеге тіккен қайсар ерлерін, Отаны үшін жалынға шарпылып, от пен суға түскен, елінің бақыты үшін басын тауға да, тасқа да ұрған дарабоздарынбүгінгі бейбіт заманның ұрпағы ешұмытпақ емес, –деген аудан әкімі М.Оразбаев шараның маңыздылығына тоқталды.
Әрі қарай, казақ басына қасірет әкелген осынау нәубетті күнді бейнелейтін көрініс көпшілік назарына ұсынылды. Құрбандар рухына арнап құран бағышталып, бір минут үнсіздікпен еске алды. Маңызды күні шараға жиналған аралдықтар Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Н. Марат