ЗҰЛМАТ ЖЫЛДАР БЕЙНЕСІ

Міне, тарихтың қатпарлы беттері ұлттың құрып кетуіне дейін жеткізді. Ал кейінгі ұрпақ бұл қасіретті жылдарды ұмытпауы тиіс. Осыны мақсат еткен қалалық музей ұжымы жас буынға тағылымы мол шара ұйымдастырып, оған қаладағы №13 орта мектептің 9 сынып оқушылары қатысты. Олар көрмедегі материалдармен танысу арқылы кешегі зұлмат жылдардың бейнесін көрді.