16 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар
kyzylorda-news.kz Республикалық Ұлан құрылған күн
1992 жылғы 16 наурызда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Алматы облысы Қаскелең ауданының Красный Восток кентінде орналасқан Ішкі әскерлердің шұғыл мақсаттағы жеке бригадасы негізінде Қазақстан Республикасының Республикалық Ұланы құрылды.
Оның міндетіне: мемлекеттік билік және басқармалардың жоғарғы органдарының, Президенттің, Парламент пен Үкімет басшыларының көлік құралдарын ел аумағында және сырт жерлерде күзету; ҚР Мемлекеттік туы мен Мемлекеттік елтаңбасының эталондарын күзету; шетел мемлекеттері басшыларын күтіп алу, шығарып салу кезінде, ҚР мейрамдары мен салтанаттарында жоралғылық рәсімдерді орындау; мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікке әсер ететін құқық бұзушыларды тоқтату; ҚР аумағында Конституцияға қарсы сипаттағы қарулы және басқа да әрекеттерді тоқтату; ҚР заңдарында көзделген тәртіпте төтенше жағдай режімі кезінде іс-шаралар жүзеге асыру кіреді.
Сонымен қатар гвардия Елбасы және басқа да күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, тізбесін ҚР Президенті бекітетін аса маңызды нысандарды, ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды күзетеді.
1932 жылы Б.Майлиннің «Келін мен шешей», К.Қырқымбаевтың «Келіншек» атты комедияларымен Жамбыл аудандық театры өз шымылдығын ашты. Театрдың алғашқы труппасы құрамында С.Атамқұлов, Ж.Абызбаев, С.Абызбаева, Ш.Сәкиев, М.Табанов, т.б. актерлер өнер көрсетті, ал режиссерлік жұмысты Р.Әбдірахманов, Ж.Арғынбаев атқарды. Аудандық театр 1940 жылы облыстық қазақ драма театры болып құрылды. 1945 жылы Абай есімі берілді.
1944 жылы Көкшетау облысы құрылды. Әкімшілік орталығы – Көкшетау қаласы. Оның аумағы сол кезде батыстан шығысқа 600 шақырымға жуық, солтүстіктен оңтүстікке 200 шақырымнан астам жерді алып жатты. Облыс 1997 жылы мамырдың 3-інде Солтүстік Қазақстан облысына қосылуына байланысты таратылды. 1999 жылы оның үш ауданы және Көкшетау қаласы Ақмола облысының құрамына енді.
1944 жылы Талдықорған облысы құрылды. Әкімшілік орталығы – Талдықорған қаласы. Облыс 1997 жылы Алматы облысына қосылуына байланысты таратылды.
1998 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Білім проблемалары ғылыми-зерттеу институтының атауы Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы болып өзгертілді.