Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 17 наурызға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Кез келген тапсырманы орындай аласыз. Сонымен қатар тығырыққа тіреген мәселені оңай шешіп, арам ниеттілерге өз сыбағасын бересіз.
Торпақ
Ұсақ-түйекке бола алаңдамаңыз. Бұл күнгі жұмыс өзіңіз ойлағандай аса күрделі болмайды. Жаныңызда ақыл-кеңес беретін жақындарыңыз болғаны дұрыс.
Егіздер
Керемет күн. Табысқа жетуге болады. Бірақ ол үшін өзіңіз құлшыныс танытуыңыз керек. Кешке романтикалық кездесу күтіп тұр.
Шаян
Мақсатқа жету үшін табандылық таныта біліңіз. Жұмыстың барлығы сіз ойлағандай жеңіл болмайды. Қаржылық мәселені ойға алмаңыз.
Арыстан
Бүгін барлығы тек өзіңізге байланысты. Егер көптен бері басшылықпен қарым-қатынасты жақсартуды көздесеңіз, бүгінгі күн сәтті болмақ.
Бикеш
Махаббаттық қарым-қатынаста тосынсыйға ие боласыз. Сондықтан кешкі мезгілге жоспар құрмаңыз. Себебі романтикалық кешке шақырту алуыңыз мүмкін.  
Таразы
Бүгін маңызды мәселелердің шешімін табуға тырысасыз. Сонымен қатар қоғамда орын алып жатқан жағдайларға мойынсұнасыз.
Сарышаян
Махаббатқа толы күн. Сүйіктіңізбен шаңырақ құруды жоспарлап, туғандарыңызға тосынсый жасауыңыз да ғажап емес.
Мерген
Бүгін жалғыз өзіңіз серуендеңіз. Бұл айналаңыздағы жандардың жағымсыз энергиясынан қорғануға көмектеседі. Біраз сергіп қаласыз.
Тауешкі
Егер қызметте өрлеуді қаласаңыз, көп армандаңыз, көп еңбектеніңіз. Алдыңызға мақсат қойыңыз. Мұның өзі аздық етуі мүмкін. Тәуекелшіл болыңыз.
Суқұйғыш
Күндіз аздаған келіспеушіліктер орын алады. Өзіңізді ұстамды етіп көрсетіңіз. Ашуға берілмей, ісіңізге тиянақты болыңыз.
Балықтар
Бүгін жалқаулығыңыз басым. Жұлдыздар жұмысты ғана ойлауға кеңес береді. Ең бастысы бүгін ешкімге уәде бермеңіз және сөз таластырмаңыз.
17 наурыз 2020 ж. 377 0