Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

   kyzylorda-news.kz Тоқты
Махаббатта жолыңыз болады. Сізді ренжіткен адам өз ісі үшін өкінетіні анық. Ал сіз жеке өміріңізді қайта қалыпқа келтіресіз.

Торпақ
Бүгінгі күнді тосынсыйлар күні деп атауға болады. Жеке өміріңіз керемет. Алайда отбасыңызға көңіл бөліңіз, онда қиындықтар туындаған секілді.
Егіздер
Ескі дос-жарандармен кездесуге барасыз. Кешіңіз көңілді өтеді. Жаңа романтикалық қарым-қатынас орнауы да мүмкін.

Шаян
Бастаған шаруаны соңына дейін жеткіземін деп әуре болмаңыз. Өз уақытыңызды өзіңіз алатын боласыз. Үйге ерте оралғаныңыз жөн.

Арыстан
Бүгін басшылықпен сөзге келудің қажет. Ұрыс-керістен өз бойыңызды аулақ ұстаңыз. Себебі бұл келіспеушілікте сіздің әрекетіңіз дұрыс емес.

Бикеш
Күніңіз сәтті өтеді. Қай салада болмасын жолыңыз болып, жұмысыңыз жемісті болмақ. Өзіңізді бақытты сезінесіз.

Таразы
Бүгін өзіңіздің көңіл-күйіңізді өзіңіз көтеруіңіз қажет. Ұсақ-түйекке де қуана біліңіз. Жұмысқа қатысты мәселеде әріптестеріңіз көмек көрсетеді.

Сарышаян
Бүгін романтикалық кеш ұйымдастыруды ойға алсаңыз, онда сүйіктіңіздің қалауына көп көңіл бөліңіз. Барлығы оның қалауына сәйкес болғаны дұрыс.

Мерген
Егер жоспарыңыз айқын болса, мақсатқа қол жеткізуге болады. Ең бастысы ниеттің болуы шарт. Түйсікке көп көңіл бөліңіз.

Тауешкі
Бүгін күш-қуатыңыз тасып тұр. Сондықтан белсенділігіңіз жоғары. Осы мүмкіндікті пайдаланып, біраз шаруаны аяқтауға болады.

Суқұйғыш
Қызықты оқиғалар орын алады. Сонымен қатар тосынсыйлар күтіп тұр. Бұл оқиғалар сізді жаңа бағытқа жетелейді.

Балықтар
Жұмыста аздаған келіспеушіліктер орын алуы мүмкін. Бірақ бұл мәселенің сізге еш қатысы жоқ. Сондықтан ешкімге болыспағаныңыз жөн.
14 желтоқсан 2019 ж. 618 0