Қызылорда: бетперделер қайда және қанша теңгеден сатылып жатыр?
Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті күн сайын облыстың дәріханалық ұйымдарында медициналық маскалардың қалдығына мониторинг жүргізіп отырғандығын хабарлады.
Қазіргі уақытта медициналық маскалар «Чингиз», «Alexey Sultan-Akhmet», «Фармсервис» дәріхана желілерінде жеткілікті мөлшерде бар. Атап айтқанда, «Чингиз» ЖШС-нің облыс бойынша дәріхана желілері жұмыс жасайды.
Сонымен қатар, ҚР ДСМ хаттамалық тапсырмасы бойынша Департамент фармацевтикалық субъектілерге бір адамға 10 дана медициналық масканы сату туралы ұсыныс жасады.
Сондай-ақ, жергілікті кәсіпкер «Dalatex» ЖШС жеке қорғану құралы ретінде пайдаланылатын 8 қабатты көп реттік дәке таңғыштарын өндіруді қолға алды. Аталған өнім қолданыстағы заңнамаға сәйкес дәріханаларда өткізілуіне болады. Осы кәсіпорын тәулігіне 10 мың бірлікке дейінгі дәке таңғыштарын өндіруге мүмкіндігі бар. «Dalatex» ЖШС облыс дәріханаларын халыққа босату үшін дәке таңғыштармен қамтамасыз етуге дайын. Сондай-ақ, бұл дәке таңғыштарды кір сабын ерітіндісімен жуғаннан кейін бірнеше рет пайдалануға болады.
Облыс дәріханаларында маскалардың бар-жоғына қатысты ақпаратты 23-82-92 нөміріне қоңырау шалып, Департамент мамандарынан білуге болады.
Департамент өз құзыреті шегінде тек дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады.
Сонымен қатар, 6 000 дана медициналық маска, 1000 дана медициналық респиратор, 500 дана дәке таңғыш жақын күндері Қызылордаға жеткізіледі деп күтілуде.«18.03.2020 жылғы жағдай бойынша, дәріханалық ұйымдардағы медициналық маскалардың қалдығы шамамен 1 000 дананы, медициналық респираторлар қалдығы шамамен 100 дананы құрайды. Халық тарапынан жоғары сұранысқа байланысты медициналық маска тез өткізілуде», – деп мәлім етті департамент.
Қазіргі уақытта медициналық маскалар «Чингиз», «Alexey Sultan-Akhmet», «Фармсервис» дәріхана желілерінде жеткілікті мөлшерде бар. Атап айтқанда, «Чингиз» ЖШС-нің облыс бойынша дәріхана желілері жұмыс жасайды.
Сонымен қатар, ҚР ДСМ хаттамалық тапсырмасы бойынша Департамент фармацевтикалық субъектілерге бір адамға 10 дана медициналық масканы сату туралы ұсыныс жасады.
Сондай-ақ, жергілікті кәсіпкер «Dalatex» ЖШС жеке қорғану құралы ретінде пайдаланылатын 8 қабатты көп реттік дәке таңғыштарын өндіруді қолға алды. Аталған өнім қолданыстағы заңнамаға сәйкес дәріханаларда өткізілуіне болады. Осы кәсіпорын тәулігіне 10 мың бірлікке дейінгі дәке таңғыштарын өндіруге мүмкіндігі бар. «Dalatex» ЖШС облыс дәріханаларын халыққа босату үшін дәке таңғыштармен қамтамасыз етуге дайын. Сондай-ақ, бұл дәке таңғыштарды кір сабын ерітіндісімен жуғаннан кейін бірнеше рет пайдалануға болады.
Облыс дәріханаларында маскалардың бар-жоғына қатысты ақпаратты 23-82-92 нөміріне қоңырау шалып, Департамент мамандарынан білуге болады.
Департамент өз құзыреті шегінде тек дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады.
Медициналық маскалар | ||
Дәріхана атауы | Қалдық | Бағасы |
ТОО Чингиз | 200 | 150 |
ИП Зейнуллаева | 500 | 100 |
ТОО Куандык кожа | 300 | 150 |
Медициналық респираторлар | ||
Дәріхана атауы | Қалдық | Бағасы |
ТОО Лаб Сервис компани | 57 | 2500 |
ТОО Чингиз | 100 | 880 |
Кәсіпорын атауы: | Орналасқан жері | 18.03.2020 жылы шығарылған өнім көлемі, дана: | Бағасы: |
«Далатекс» ЖШС | Қызылорда қ. | 12000 | 125 |
ЖК «ПромКомерцка» | Қызылорда қ. | 3000 | 95/125 |
«Аска» ЖШС | Қызылорда қ. | 1500 | 150/250 |
ЖК «Жадыра Құлмырза» | Қызылорда қ. | 300 | 150 |
ЖК «Гүлжан» | Қызылорда қ. | 400 | 100 |
ЖК «Бисариева Гүлзат» | Қазалы ауданы | 200 | 200 |
Барлығы | 17 400 |