Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Демалыс күндері 25 градусқа дейін аяз болады

Демалыс күндері 25 градусқа дейін аяз болады

«Қазгидромет» РМК 21-26 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынады.
Синоптиктердің хабарлауынша, алдағы демалыс күндері еліміздің оңтүстік аймақтарына Ираннан жылы циклон өз әсерін тигізуде, осы циклонмен байланысты жаңбыр күтіледі. Алайда, республиканың батыс бөлігіне Исландиядан суық антициклон әсер етеді, бұл антициклон шығысқа жылжып, жауын-шашынның тоқтауына және Қазақстан Республикасының басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуіне әкеледі.
Еліміздің солтүстік бөлігінде түнде ауа температурасы 5 градус аяз-3 градус жылыдан 12-25 градус аязға дейін, оңтүстік бөлігінде – 2-12 градус жылыдан 3 градус аяз-2 градус жылы, кей жерлерде 6-11 градус аязға дейін төмендейді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.
https://kyzylorda-news.kz/
21 наурыз 2020 ж. 547 0