Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігінің 22 наурызға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Бүгінгі күн махаббатыңызды мойындап, романтикалық кеш ұйымдастыруға өте ыңғайлы. Балаларыңыздың тәрбиесіне мән беріп, көңіл бөліңіз.
Торпақ
Бүгін өзіңізге толық демалыс сыйлаңыз. Бассейнге барыңыз, массаж қабылдаңыз. Салқын су ағзаңызды жақсартып, денсаулығыңызға оң әсерін тигізеді.
Егіздер
Өзгелерден қулығыңызды асырамын деп ойламаңыз. Өйткені оның барлығы өзіңізге зиянын тигізуі мүмкін. Бұл сіздің беделіңізге сын болады.
Шаян
Бүгін орын алатын оқиғалардың барлығы сізге оң әсерін тигізетін болады. Сіз бүгін лауазымды тұлғалардың немесе әріптестеріңіздің көмегіне жүгіне аласыз.
Арыстан
Бүгін сіз шынайысыз. Сондай-ақ кез келген қиын тапсырманы оңай орындай аласыз. Достарыңызға көмек көрсетуден қашпаңыз.
Бикеш
Қызметіңізді жоғарылатуға немесе қаржылай қолдайтын жандардардан көмек алуға толық мүмкіндігіңіз бар. Тамақты талғап жеңіз.
Таразы
Бүгін ұсақ-түйек тірліктің барлығын бітіресіз. Сізді біреулер алдап соққысы келеді. Майда-шүйденің барлығына мән беріңіз.
Сарышаян
Әріптестеріңізбен және достарыңызбен дауласпаңыз. Бұл жақсы әдет емес. Бүгін өте ашушаң боласыз. Ол сөзіңізден де, ісіңізден де байқалады.
Мерген
Бүгін күш-қуатыңыз мол. Белсенділік таныту өз пайдасын әкелмесе, зиянын тигізбейді. Көлік жүргізетін болсаңыз, жолда абай болыңыз.
Тауешкі
Өз кемшіліктеріңізді ойлап бас қатырмаңыз, өз-өзіңізге сенімді болыңыз. Сонда ғана жұмысыңыз да, жеке кәсібіңіз де алға қарай жылжиды.
Суқұйғыш
Серіктестермен немесе басқа да кездесулер сіз үшін тиімді болмақ. Бұл кездесуге таянақты түрде дайындалар болсаңыз, көп жетістікке жетесіз.
Балықтар
Қолдан келер іспен айналысыңыз. Аспандағы айға қол созудың қажеті жоқ. Үйде ұсақ-түйек істі атқарып, қаржылық мәселені біржақты етіңіз.
22 наурыз 2020 ж. 397 0