Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтөбеде қайырымды кәсіпкер студенттерге арнап тегін кафе ашты

Ақтөбеде қайырымды кәсіпкер студенттерге арнап тегін кафе ашты

Кәсіпкер Ербол Байжарқынов Ақтөбеде студенттерге арнап  кафе ашты. Жаңа ашылған мекемеде студенттерге сорпа, макарон өнімдері, шай, нан, қант тегін беріледі.  Ал асханаларда және кафелердегі стандартты студенттік түскі ас 400 теңге тұрады.

«Қазақ» кафесі аптасына 6 күн, таңғы сағат жетіден кешкі беске дейін жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде тегін тамақтану үшін студенттік билет көрсету керек. Дәмханада ақша төлеп те тамақтануға болады. Тегін мәзірге кірмейтін тағамдар мен тәттілердің тізімі бар. Кафе 50 адамға арналып жасалған. Мұнда күніне мың студентке дейін тамақтана алады. Бұл туралы esil.media парақшасына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
«Ақшасы жоқ студенттер сорпа, макарон, шайды тегін ала алады. Ал ақшасы бар адамдар ақылы тізімдегі тағамдарды алса да болады. Әрқашанда таңдау бар», – дейді Ербол Байжарқынов
«Мұны не үшін істеймін? Барлығы, тіпті жетістікке жетті деген 10 адам басқаларға көмектесіп, жақсылық жасау керектігін түсінеді. Өзіңді ғана ойлау, бұл – жетістік емес. Сондай-ақ, біз сенбі күні сағат 17.00-де Ақтөбе кәсіпкерлері деп аталатын дәріс өткіземіз. Олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіпті неден бастағандарын айтатын болады. Дәріс барысында қойылған сұрақтарға жауаптар, кеңестер беріледі», – дейді қайырымды кәсіпкер.
Дәмхананы таңғы сағат жетіде ашылады екен. Әкімшілік студенттер сабақ алдында таңғы ас ішіп үлгерсін деген оймен, осындай жұмыс кестесін енгізген. Кафе қожайыны  болашақта  дәмхана жанынан студенттік шаштараз ашып, кеңсе тауарларын сатуды жоспарлап қойыпты.
Кафенің ішіндегі әрбір заттар мұқият қарастырылған. Бір қабырғада географиялық карта, ал екінші жағында әлемдегі неше түрлі кітаптар мен фотосуреттер тұратын сөре бар. Бұл студент тамақтана отырып болашаққа жоспар құрсын деген мақсатпен жасалған екен.
Stan.kz
01 сәуір 2018 ж. 1 163 0