Карантин: Өкпе ауруы бар адамдарға арналған кеңестер
Kyzylorda-news.kz. Мамандардың айтуынша, өкпе ауруы бар адамдарға карантинде, әсіресе таза ауасыз, үйде ұзақ уақыт отыру ауыр соғады. Мұндай жағдайда «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК инфекциялық емес аурулардың алдын алу бөлімінің басшысы Бибігүл Бекібаева мынадай ұсыным береді:
Жиі желдету
Үй-жайлардағы ластанған ауа өкпе ауруынан зардап шегетін адамдарға жағымсыз әсер етеді. Табиғи желдетуді қамтамасыз ету үшін әрбір 2 сағат сайын үй-жайды кемінде 30 минут желдету қажет. Үйде температураны 19°C -ден 22 °C-ге дейін ұстау керек. Әсіресе қарт адамдар мен балалар бар кезде өтпелі желдетуден аулақ болу керек.
Сондай-ақ жылтырату құралдары мен лак-бояу материалдары, ауа тазартқыш сияқты күшті химия өнімдерін пайдаланудан аулақ болу қажет, өйткені олар тыныс алу жолдарының тітіркенуін туғызып, ауру симптомдарының нашарлауына әкелуі мүмкін.
Темекі шегуден бас тарту
Темекі шегу өкпе аурулары дамуының негізгі себептерінің бірі болып табылады және өкпе альвеолының қалыпты қызметінің тез бұзылуына ықпал етеді. Шегетін шылым санын қысқартып қана қоймай, одан толық бас тарту қажет. Ғылыми зерттеу нәтижелері темекі шегуден бас тартқан кезде тыныс алу қызметінің жақсаратынын, өкпе аурулары симптомдарының күшеюі мен асқыну жиілігінің бәсеңдейтінін, өкпе обырының даму қаупі төмендейтіндігін, жұқпалы ауруларға төзімділігінің артатынын көрсетті.
Тұрақты дене шынықтыру жаттығулары және тыныс алу гимнастикасы
Егер сіз дене белсенділігін сақтасаңыз, өкпеңіз бен бұлшық еттеріңіз жақсы жұмыс істейтін болады, қызметтік қабілетіңіз артып, денсаулығыңыз жақсара түседі. Сондай-ақ белсенді болу көп жұмыс істегенде ентігуді азайтуға, аяқтың шаршауын бәсеңдетуге, қайратты болуды арттыруға, бұлшық еттер мен иммундық жүйені нығайтуға, сонымен қатар өзін-өзі бағалауға және көңіл-күйді жақсартуға көмектеседі.
Гигиена
Үй-жайды үнемі ылғалды тазалау шаңнан қорғайды, ауаның ылғалдылығын арттырады. Арнайы қауіпсіз дезинфекциялау құралдарын қосу ауру тудыратын микробтарды жоюға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ жеке гигиенаны сақтаңыз – тамақ ішер алдында, көздің, ауыздың, мұрынның шырышты қабығына қол тигізер алдында, дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен жуу керек.
Диета
Дұрыс тамақтану сіздің күнделікті өміріңіздің бір бөлігіне айналғаны маңызды. Тамақтану рационына көптеген жемістер мен көкөністерді қосуға тырысыңыз. Дәрігерлер жақсы көңіл-күйде күніне 3-4 рет тамақ ішуді ұсынады. Көңіл-күй нашар болған кезде аз мөлшерде 5-6 рет жеңіл тамақ ішу керек.
Тағайындалған емді сақтаңыз
Созылмалы өкпе ауруы бар көптеген адамдар өкпе қызметін жақсартатын ингаляциялық препараттар қабылдайды. Оларды уақытында және дұрыс пайдалануды ұмытпаңыз. Көңіл-күй нашарлаған жағдайда дәрігерді үйге шақырыңыз.
«Хабар 24»