Құрметті сырбойылықтар!

Жалпы облыс бойынша инфециялық стационарда – 18, провизорлық стационарда – 8, карантиндік стационарда – 95 азамат жатыр.
Өздеріңізге белгілі, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдеме жасады. Ең алдымен шағын және орта бизнеске қолдау көрсету мақсатында бұрын-соңды болмаған шаралар қолға алынатын болды. Менің ойымша бұл - экономикамыздың қозғаушы күші саналатын сала өкілдеріне деген бірегей мүмкіндік. Сондай-ақ, президент ақ халатты абзал жандардың қызметіне құрметпен қарауға шақырды. Осы мақсатта, дәрігерлер мен медицина мамандарына үш ай бойы қосымша үстемақы төленетінін айтты.
Аграрлық аймақ саналатын Сыр өңірінің де еңбеккерлері осындай қолдауға ие болады. Сала кәсіпкерлерінің қаржылық институттар арқылы жеңілдетілген несие алуына мүмкіндік қарастырылған. Сонымен қатар, дизель отынының нарықтық бағасы 15 процентке арзандатылып, жеңілдікпен бағамен жеткізіледі.
Әлемде коронавирус індетінің таралып, жаһандық экономика дамуының бәсеңсуі салдарынан инфляциялық процеске тосқауыл қою қиын болып отыр. Осыған байланысты мемлекет басшысы зейнетақы және мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін, сондай-ақ, арнаулы әлеуметтік көмек мөлшерін қайта қарауды міндеттеді.
Мемлекет аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шеутеулі азаматтардың жағдайын да ескеріп, тұрмысқа қажетті заттар және азық-түлікпен толық қамтамасыз етеді. Облыстағы барлық деңгейдегі әкімдер президент тапсырмасын жүзеге асыруы тиіс. Облыстық әкімдік тиісті шешімдер қабылдайтын болады. Сыр жұртшылығы бұл қиындықты да еңсереді. Біз біргеміз.
Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова