Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 4 сәуірге арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты 
Бүгін енжарлық танытасыз. Келешегіңізге алаңдаулысыз. Аздап жүйкеңіз сыр береді. Көп ойлана бермеңіз.
Торпақ
Бүгін өте қуаныштысыз. Махаббатта жолыңыз болады. Сізге түсіністік танытатындар да бар.
Егіздер
Күніңіз сәтті өтеді. Өткен күндерде өкінішіңіз болғанымен, бүгін өзіңізді жайлы сезінесіз.
Шаян
Романтикалық көңіл-күйіңіз бен өзгеріске деген құштарлығыңызды күнделікті күйбең тіршілік жоя алмайды.
Арыстан
Жұлдыздар бүгін жаңа махаббат дастанын бастан өткеретініңізді айтады. Сондай-ақ денсаулығыңызға зиян тағамдардан алыс болуды ескертеді.
Бикеш
Үй тіршілігі шаршатады. Дегенмен аз уақытқа болса да оңаша қалып, тыныштықта серуендеңіз. Бұл сізге пайдалы болмақ.
Таразы
Бүгін жеке өміріңіз түбегейлі өзгереді. Жақын адамыңыз баға жетпес сый жасайды. Осыдан кейін оның сізге деген құрметі зор екеніне көзіңіз жетеді.
Сарышаян
Бүгінгі күн алдағы күндерге жоспар жасауға өте қолайлы болмақ. Үй шаруасын жасап, иығыңыздан ауыр жүк түскендей сезімде боласыз.
Мерген
Керемет күн. Ешқандай мәселе туындамай, барлық ойларыңыз жүзеге асатын болады. Бұл сізді қуантады.
Тауешкі
Қиын жағдай туындаса да еш мойымаңыз. Өйткені барлық мәселе өз орнымен шешімін табатын болады.
Суқұйғыш 
Көтеріңкі көңіл-күй барлық мәселенің шешілуіне оң ықпалын тигізетін болады. Ең бастысы денсаулығыңызды күтіңіз.
Балықтар
Бүгін ескі досыңызбен кездесесіз. Бұл кездесуде қуанышқа кенелесіз. Келер жылы досыңыздың арқасында біраз жетістікке жететін боласыз.
https://kyzylorda-news.kz/
04 сәуір 2020 ж. 262 0